21 қараша күні Жетісай қаласындағы Қ. Жандарбеков атындағы драма театрында республикалық «SAMGAU FEST» балалар мен жасөспірімдер өнер фестивалінің хореография жанры бойынша би байқауы өтті.

Аталған байқауға Қазыбек би ауылдық округі Мәдениет үйінің би үйірмесінен №16 Ж. Сәуірбаева атындағы жалпы білім беретін мектеп және №17 Түркістан жалпы білім беретін мектеп оқушы қыздарынан құралған 4 би тобы қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Нәтижесінде, өнерлі қыздарымыз БАС ЖҮЛДЕ және І ОРЫН иеленіп, ауылымыздың мерейін үстем етті!

Бұл жеңіс – жас өнерпаздардың талмай ізденуі, еңбегі мен табандылығының жемісі.

Жас бишілерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлерің өрге жүзіп, жеңістерің көбейе берсін!

Ауыл мақтанышы – өнерлі өрендер!