Тәуелсіздік-бір елдің ғана емес,тұтас ұлттың өмірін өзгертетін ұлы құндылық.Ол халыққа өз жолын таңдауға,тілін,дінін, мәдениетін сақтауға мүмкіндік береді.Бүгінгі бейбіт өміріміздің артында қаншама ұрпақтың арманы мен үміті жатыр.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы-тарихымыздағы ерекше оқиға.1991жылдан бастап еліміз жаңа бағытта дамып,әлемге өзіндік орны бар мемлекет ретінде таныла бастады.
Қазыр біз тәуелсіздіктің игілігін көріп отырған ұрпақпыз.Біз үшін ашық аспан, еркін білім алу, туған жерімізде өмір сүру қалыпты жағдай сияқты көрінуі мүмкін.Бірақ осылардың әрқайсысының қадірін түсінуіміз керек.
Тәуелсіздіктің ең үлкен байлығы-халықтың бірлігі мен ел тыныштығы.Тәуелсіздік-өткеннен қалған естелік емес, күн сайын бағаланатын байлығымыз.Сондықтан елімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Түркістан облысы білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімінің «№57 «Сарыарқа» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Даурен Аяжан Муратханқызы, 11 «Ә» сынып оқушысы
Ұстаз