17.11.2026 ж, күні № 39 "Асықата" жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай ардагерлер үйіндегі қазыналы қариялармен «Біз де студент болғанбыз...» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара оқушылардың әсем әндері мен мың бұралған билерінен құралған мерекелік концерттік бағдарламамен басталды. Өнерлі оқушыларымыз қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз өнерлерін ортаға салды.

Кездесу барысында ардагер қариялар студенттік шақтағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтың жарқын сәттерін еске алды. Әңгіме барысында білімге құштарлық, достық, ұстазға құрмет және студенттік өмірдің қызығы туралы тағылымды ойлар айтылды.

Бұл кездесу – жас ұрпақ пен аға буын арасындағы рухани байланысты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі болды.

Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, көңілдеріне шаттық тілейміз!

Ұрпақтар сабақтастығы – ұлт руханиятының алтын көпірі!

Ұйымдастырушы: Кәсіптік бағдар беру педагогы:
Б. Мекешова.
Аға тәлімгер:
А. Қозыбекова.