Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – еліміздің егемендігін айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен тәуелсіздігімізді дәріптейтін ұлық мереке. Бұл күн – халқымыздың тарихи таңдауы мен жарқын болашаққа деген сенімінің символы.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Көк байрағымыз биікте желбіреп, Қазақстанымыз өркендеп, еліміздің мерейі әрдайым үстем болсын!
Республика күні құтты болсын!
Құрметпен,
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінің директоры Шойбеков Бектурсун Смаилович және мектеп ұжымы.