Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының мәңгілік шамшырағы, руханиятымыздың алтын діңгегі. Ұлы ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру, жатқа айтқызып, жүрегіне ұялату – әрбір қазақ тілі пәні мұғалімінің басты борышы.
Осы мақсатта «Daryn education» республикалық білім беру порталы ұйымдастырған дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы биыл да жоғары деңгейде өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, ақын мұрасына деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Осы дүбірлі додада біздің мектептің шәкірттері үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі I орынды иеленді. Бұл – мектебіміз үшін үлкен мәртебе, зор қуаныш.
Жеңімпаз атанған шәкірттеріміз:
- Базарбек Кәусар
- Тәстемір Ақнұр
- Әшірәлі Ақсезім
- Дүйсенбек Айсәуле
Төрт шәкіртіміз де Абай өлеңдерін нақышына келтіре оқып, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Олардың әрқайсысы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аталмыш жетістіктің артында үлкен дайындық пен қажырлы еңбек жатыр. Шәкірттерді байқауға дайындаған, бағыт-бағдар берген жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Зәуреш.
Бүгін жеңімпаздар мектеп директорының қабылдауында болып, марапаттарын салтанатты түрде алды. Бұл – басқа шәкірттерге үлгі, ұстаздарға жігер.
Жас дарындарымызды және олардың жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!
Абай мұрасы мәңгілік жасай берсін!
 
ИЛЯСОВА ЗАУРЕШ БАЗАРБАЕВНА
Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН КММ.