Тақырыбы: « Әлия ерлігі-өшпес тарих» Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы әңгімелеу. Дамытушылық: Оқушыларды Әлияша елін, жерін сүйетін, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын ұл - қыздарды тәрбиелеу. Тәрбиелік: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ой – өрісін кеңейту. Көрнекілігі: Әлия Молдағұлова туралы қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі қару-жарақтар. Өтілу барысы: Акт зал ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады. Ә.Молдағұлованың 100-жылдық мерейтойына арналған жиынның сценарийі 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті әріптестер! Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазақтың. Ерлігіне таңданамын ғажап тым,-деп ақындарымыз жырлағандай, құрметті ұстаздар, қонақтар, біз бүгінгі іс-шарамызды, ерлермен бірге қару алып соғысқа аттанған қазақтың батыр қызы -Әлия Молдағұлованың ерлігіне арнаймыз. Көрініс: «Жойылсын соғыс» Орындайтын: 4-сынып оқушылары. Ән: «Соғыс» орындайтын Қаржау Қайсар
1-жүргізуші: Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхамед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген. Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді. Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы №9 орта мектепте білім алады.
2-жүргізуші: Соғыс басталған жылы балалар үйі Ярославь облысының Вятское селосына аударылып көшіріледі. Әлия осындағы Вятское орта мектебінің 7-сыныбын аяқтаған соң Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі. Алайда 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі Орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының мергені болады. 1-жүргізуші: Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді Көрініс: Әлияның майданға аттануы Көрініс (мұңды әуен ойнап тұрады, штаб, шекпен, автомат жарда ілулі, үстел үстінде май шам, карта қарындаш, ойланып отырған командир, есік қағылып ішке солдат кіреді).
Кіруге болады ма, жолдас командир? -Кіріңіз.
Шақыртуыңызбен ефрейтор Молдағұлова келіп тұр. Командир: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? Әлия: Мен Әлия Молдағұловамын, қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын.
Әлияның Сапураға хат жазуы.Орындайтын Оралбай Нұршат Әлияның Сапураға 1943 жылы 28 шілде айында жазған хаты. Сәлем! Қайырлы таң, қымбатты Сапура! Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін, бірақ сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге кетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең мектепте әлде де болса бір - қатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым.. Өміріме өкінішім жоқ.. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар. Жоқ, ол - өзім турал емес сенімен, сәбилермен, жеңгеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. Жеңешеме мені майданға аттанды, көңіл хошы тамаша, хал - ақауы өте жақсы, тек қобалжымасын деп тілек айтады деп жаз. Ол кісіге Әлия сәбилерге мейірімді қарауды өтінеді деп жазуды өте сұраймын. Жеңешем балаларды адал ниетті, батыл, халық ісіне берілген, әсіресе ата - аналары мен жақындарын сыйлайтын адам болатындай етіп тәрбиелесін. Өмірде барлық жақсылыққа жет деген өзіңе дара ізгі тілекпен Әлия Монолог. «Әлия-батыр қыз» орындайтын Құралбай Айзада 1-жүргізуші: Новосокольники ауданының солтүстік жағында болған шайқастарда Молдағұлова асқан тұрақтылық, ержүректілік, батылдық көрсетті. Ержүрек жауынгерді байқап қалған гитлершілер сол шақта борандатып оқ жаудырды.