№39 "Асықата" жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
14 қазан күні 4"Ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жай сөйлем және құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы білімдерін тереңдету, сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету, сауатты сөйлеу және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз білімдерін ортаға салып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Түрлі көрнекіліктер мен қызықты тапсырмалар сабақтың мазмұнын аша түсті.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасай білді.
Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың білімін шыңдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Ұстаздың басты жетістігі – шәкіртінің білімге деген құштарлығын ояту!
Сынып жетекшісі: Акилбекова Толғанай Малдыбаевна.