ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 20
|
Білім беру ұйымының атауы |
Ә Молдағұлова №34ЖББМ |
||||
|
Пәні |
Дене шынықтыру |
||||
|
Бөлім: |
2-бөлім. Спорт ойындары |
||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
Елжанов Марат |
||||
|
Күні: |
15 10 2026ж |
||||
|
Сыныбы: 11Ә |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Волейбол: Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. |
||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
Волейболдағы қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Қорғаныс жүйесін ұйымдастыру және командалық байланысты дамыту. |
||||
|
Сабақтың мақсаты: (Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы) |
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы; Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Оқушылар волейболдағы қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттерді меңгереді. Ойын барысында қорғаныс жүйесін дұрыс ұйымдастыру, ойыншылардың өзара байланысын сақтау, қарсыластың шабуылына тиімді жауап беру және тактикалық шешім қабылдау дағдыларын жетілдіреді.
|
||||
|
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 6 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасады, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді. Волейболдағы қорғаныс әрекеттері кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді: Ойыншылар арасындағы арақашықтықты сақтау. Жалпы дене дайындығына арналған қыздыру жаттығуларын орындатады: Жеңіл жүгіру. Адал азамат құндылығы:Ұлттық мүдде, жауапкершілік, командалық бірлік. Саралау тәсілі:Оқушылардың дене дайындығына қарай қозғалыс жылдамдығын және тапсырма күрделілігін реттеу. |
Қыздыру жаттығуларын орындайды. |
ҚБ: Ауызша мадақтау. |
Спорт зал |
|
|
Сабақтың ортасы
6+4 минут
8 минут орындау 4 минут кері байланысқа
8 минут
4 минут
|
1- Оқушыларға волейболдағы топтық қорғаныс әрекеттерінің негізгі орындалу ретін түсіндіреді. ЖИ арқылы жасалған көрнекілік арқылы қорғаныс әрекеттерін көрсетеді: Қорғаныс тұрысын қабылдау. Қорғаныста ойыншылардың өзара байланысы, дұрыс орналасуы және бір-бірін сақтандыруының маңызын түсіндіреді. Адал азамат құндылығы:Жауапкершілік, өзара көмек, тәртіп. Саралау тәсілі:Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі шабуыл жағдайында қорғану, басқа оқушыларға қарапайым қорғаныс орналасуы беріледі.
2-тапсырма: «Командалық қорғаныс әрекеті» Оқушыларға командалық қорғаныс жүйесін қолдануға арналған ойын жағдайын ұйымдастырады. Тапсырма: Ойыншылардың алаңда орналасуы. ЖИ секундомер құралын пайдаланып командалық қорғаныс тиімділігін бағалайды: Қорғанысқа орналасу уақыты. Адал азамат құндылығы:Командалық жұмыс, көшбасшылық, жауапкершілік. Саралау тәсілі:Дайындығы жоғары оқушыларға жылдам шабуыл жағдайында қорғану, басқа оқушыларға жеңілдетілген ойын жағдайы ұсынылады. 3-тапсырма: «Сергіту сәті» Оқушыларға қорғаныс әрекеттерінен кейін қалпына келтіру жаттығуларын орындатады: Жеңіл жүру. Саралау тәсілі:Оқушылардың физикалық жағдайына қарай жаттығу қарқынын реттеу. Функц. сауаттылық:Оқушылар дене жүктемесінен кейін ағзаның жағдайын бақылауды және қалпына келу тәсілдерін қолдануды үйренеді. Пәнаралық байланыс:Биология – бұлшықет жұмысы, тыныс алу және ағзаның қалпына келуі. |
Қорғаныс тұрысын қабылдайды.
Командалық қорғаныс әрекеттерін орындайды.
Қалпына келтіру жаттығуларын орындайды. |
ҚБ: Мұғалімнің бақылауы. Дескриптор:Қорғаныс қалпын дұрыс қабылдайды.
ҚБ: ЖИ бағалау. ЖИ секундомер, өзін-өзі бағалау. Дескриптор:Командалық қорғаныс жүйесін сақтайды.
Дескриптор: Сергіту жаттығуларын дұрыс орындайды. |
Спорт зал, волейбол доптары, тор, конустар, ысқырық, секундомер, ЖИ арқылы дайындалған көрнекілік. |
|
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Рефлексия: «Ойлан, бөліс» әдісі Үй тапсырмасы: Волейболдағы қорғаныс тұрысы мен командалық орналасу әрекеттерін қайталау. |
Рефлексия жасайды.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі |
Спорт зал |
|
ЕЛЖАНОВ МАРАТ СЕРІКБАЙҰЛЫ
« Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектеп»
КММ-нің Дене шынықтыру мұғалімі
педагог сарапшы
